31.03.2023
  298


Автор: Намаз

Ер адамның ақшам намазы үлгісі, 3 рәкат парыз (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)

Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған ақшам намазының парызын оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!


Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.


Ақшам намазының 3 ракағат парызы


Жайнамазда, не нәжістен таза жерде жүзіңізді құбылаға қаратып, қиямға тұрып. Азан шақырып, батасын жасап, қамат оқып, жүрекпен қылған ниетті, «иә Алла, өзіңнің ризалығың үшін, ниет еттім ақшам намазының 3 ракағат парызын өтемекке. Жүзімді қараттым құбыла тарапынахалисал лиллаһи тағала» деп тілмен бекітіп,алақанды жазып құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп, «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып, қол байлап Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасыноқып, «Аъуузу билләһи минәш-шәйтоонир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Кәусәр» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би- йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып «роббәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты өтеуге қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләә-һир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Ықылас» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп, руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб- би-йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп қиямға тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар, сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, отырып «Әттәхийәт» оқып, 2-ші ракағат бітіп, «Аллааһу Әкбар» деп, 3-ші ракағатты оқуға қиямға тұр. Қол байлап, «Бисмил-ләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» «Сәмиъал- лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роббәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге барып, сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» де де, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп 3-ші ракағатты бітіп, отыр. «Әттәхийәт, Салауат» оқып, «Роббәнәә әәтинәә фид- дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн-нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп «Роббәнә» дұғасын оқып, басты оңға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп, басты солға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп сәлем беріп намазды аяқта. Отырғанда 3 рет «Әстағфируллааһ» деп, қол жайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс- сәләәму тәбәә-роктә иәә зәл жәләәли уәл икроом. Аллааһу Әкбар» деп бата жасап бет сипа.









Пікір жазу