15 сәуірде әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1912 жылы Атлант мұхитында мұзтаумен соқтығысқан "Титаник" кемесі суға батты. Апатта 1496 адам көз жұмды;
1924 жылы АҚШ-та әлемдегі тұңғыш автокөлік жолының атласы шықты;
1951 жылы Лондонда алғашқы "Әлем аруы" байқауы өтті;
1955 жылы Иллинойс штатындағы Дез-Пленз қаласында Рэй Крок өзінің бірінші McDonald’s мейрамханасын ашты.
15 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1395 жылы Терек өзенінің бойындағы шайқаста Тоқтамыс қолы Әмір Темір әскерінен жеңілді;
1946 жылы Ұлы отан соғысы жылдары Ақтөбеге көшіріп әкелінген поляк балаларына арналған балалар үйі жабылды. Өйткені 117 бала отанына оралды (1945 жылдың 6 шілдесіндегі Польша мен КСРО арасындағы келісімге сәйкес);
1966 жылы Атырау қаласында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ашылды;
1993 жылы Қазақстан республикасының Бельгия корольдігінде елшілігі ашылды;
2008 жылы тарихта алғаш рет "Шоқан Уәлиханов" атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхитын жүзіп өтті.