30.03.2023
  100


Автор: 365 күн

15 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін көптеген елде экологиялық білім күні аталып өтеді. 1992 жылы дәл осы күні Рио-де-Жанейродағы БҰҰ конференциясында қоршаған орта мәселелері талқыланған болатын. Әлем елдері халқының экологиялық білімі адамзаттың тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл мерекенің басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ, Қазақстанда 2011 жылдан бастап 15 сәуірде ұлттық ғашықтар күні аталып өтеді. Ол ақпанда тойланатын халықаралық ғашықтар күнінің баламасы. Мұндай ұсыныс 2011 жылдың қаңтар айында  жасалған болатын. Мерекенің пайда болуына жастар ұйымдары, студенттер қауымы мен  бастамашыл топтар ұйытқы болған. Мейрам Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатына арналады.

Бүгін халықаралық мәдениет күні аталып өтеді. Ол 1935 жылдың 15 сәуірінде бекітілген. Табиғатқа бей-жай қарау, тарихи ескерткіштерді бұзу мен дүниеқорлық – мәдениетсіздіктің басты белгісі саналады. Аяушылық білдіру қасиеті тек адамға ғана тән. Мәдениет өркениетті дамытады. Ол бірнеше мыңжылдық бұрын қалыптасқан.

Сондай-ақ, бүгін тақырбас адамдар күні. Бұл кеңінен таралып кеткен мерекелердің бірі. Оны шашын уақытша алып тастаған адам да, таз да тойлайды.





Пікір жазу