30.03.2023
  130


Автор: 365 күн

12 сәуірде әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1961 жылы КСРО ұшқышы, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Восток-1" ғарыш аппаратымен ғарышқа ұшты. 115 минуттан соң ғарышкер Ресейдің Саратов облысына қонды;

1954 жылы Decca Records студиясында америкалық әнші Билл Хейли "Rock Around the Clock" әнін жазды. Бұл әлемде музыкалық рок-н-ролл жанрының танымал болуына әсер етті;

1992 жылы Францияның астанасы Париж қаласында "Евро-Диснейленд" ойын-сауық орталығы ашылды;

1995 жылы Yahoo каталогы іске қосылды. Оның негізін америкалық Стэнфорд университетінің студенттері Дэвид Фило және Джерри Янг қалады. Yahoo каталогы – әлемдегі ең танымал интернет ресурстардың бірі.

12 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1991 жылы Байқоңырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Ғарыш, спорт, эстрада жұлдыздары" атты халықаралық фестиваль өтті.

1993 жылы қазақстандық "31" телеарна алғаш рет эфирге шықты;

1994 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды;

1999 жылы Алматы қаласындағы Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы скверде ғалым, академик Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш ашылды.

2010 жылы Павлодар қаласында ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орай ескерткіш қойылды;

2011 жылы "Электронды үкімет" порталы іске қосылды. Портал арқылы қазақстандықтарға 70-тен астам электрондық және 2 мың ақпараттық қызмет көрсетілді;





Пікір жазу