Ер адамның екінті намазы үлгісі, 4 рәкат парыз (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)
Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған екінті намазының парызын оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!
Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.
Екінті намазының 4 ракағат парызы
Жайнамазда, не нәжістен таза жерде жүзіңді құбылаға қаратып, қиямға тұрып, Азан шақырып, азанның батасын жаса. Қамат айт, жүрекпен қылған ниетті «иә Алла, өзіңнің ырзалығың үшін, ниет еттім екінті намазының 4 ракағат парызын өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына халисал лиллаһи тағала»деп тілмен бекітіп, алақанды жазып, құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып, қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқыда «Аъуузу билләһи минәш-шәйтоонир- рожиим, бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Кәусәр» сүресін оқып, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб- би-йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, сәждеден отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Ықылас» сүресін оқыда «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» де де, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан қиямға тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб- би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, сәждеден отырып, «Аллааһу Әкбар» деп 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» деп, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Әттәхийәт» оқып, намаздың 2-ші ракағатын бітіріп, «Аллааһу Әкбар» деп 3-ші ракағатты оқуға қиямға тұр. «Бисмил-ләәһир-рохмәәнир- рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Аллааһу Әкбар» деп рукуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» деп «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп «Аллааһу Әкбар» деп, отыр. «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» деп, 3-ші ракағат бітіп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, 4-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмил-ләәһир- рохмәәнир-рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып, іштей әмин де де, «Аллааһу Әкбар» деп, руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би- йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде, 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Әттәхийәт, Салауат» оқып, «Роббәнәә әәтинәә фид-дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн- нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп, «Роббәнә» дұғасын оқып, басты оңға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп, басты солға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп сәлем беріп намазды аяқта. Отырғанда 3 рет «Әстағфируллааһ» деп қолжайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс-сәләәму тәбәәроктә иәә зәл жәләәли уәл икроом. «Аллааһу Әкбар» деп дұға оқып, бет сипа. «Аятул курси» оқып, «Зул жәлаали уәл-кәмаали» деп, 33 рет «Субіхааналлааһ, ъалаа ниғматиил исләәм» деп, 33 рет «Әлхамдулиллаһ, раббил ъааләмиин» деп, 33 рет «Аллааһу Әкбар» деп, қол жайып «Ләә иләәһә ил-лал-лааһу уахдәһуу ләә шәриикә ләһ, Ләһул-мүлкү уәләһул-хамдууәһу-уә ъаләә кулли шәий-иңң қодиир. Роббәнәә тәқоб- бәл минн-нәә инн-нәкә әңң-тәс-сәмийъул ъалиим. Уә тубі ъаләйнәә иәә мәуләәнәә инн- нәкә әңңтәт-тәу-уәәбур-рохиим. Уаһ-динәә уә уәф-фиқынәә иләл хәққи уәә иләә торийқым- мустәқыиим. Аллааһу Әкбар» деп дұға оқып, бет сипа.