30.03.2023
  276


Автор: Намаз

Ерлерге бесін намазы үлгісі, 4 рәкат парыз (Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы) (текст)

Құрметті мұсылман қауым! Ерлерге, жігітке, ұл балаға, ер адамдарға арналған бесін намазының парызын оқу тәртібін жазбаша (текст) және видео нұсқа ретінде жарияладық. Оқыған намазыңыз қабыл болсын!


Намаздың толық және діни үкімдерге сай болуы үшін парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін орын-орнымен орындап, намаздарды бұзатын және мәкрүһ нәрселерден сақ болу керек.


Бесін намазының 4 ракағат парызы


Жайнамазда, не нәжістан таза жерде жүзіңді құбылаға қаратып қиямға тұрып, қамат шақырып, жүрекпен қылған ниетті «иә Алла, өзіңнің ырзалығың үшін, ниет еттім бесін намазының 4-ракағат парызын өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына, халисал лилләәһи тағааләә»деп тілмен бекітіп, алақанды жазып құбылаға қаратып, бас бармақты құлақтың жұмсағына тигізіп «Аллааһу Әкбар» деп құлақ қағып, қол байлап, Жасырын «Субіхәәнәкә» дұғасын оқып. «Аъуузу билләһи минәшшәй- тоонир-рожиим, бисмилләәһир-рохмәәнир- рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Кәусәр» сүресін оқып «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3-рет «субіхәәнә роб- би-йәл ъазыйм» деп «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан қиямға тұр да сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» деп «Аллааһу Әкбар» деп отырып, «Аллааһу Әкбар» деп 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә, Аллааһу Әкбар» деп 1-ші ракағат бітіп, 2-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байла. «Бисмил- ләәһир-рохмәәнир-рохиим» деп «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де, «Ықылас» сүресіноқып, «Аллааһу Әкбар» депруқуғқабар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 «Субіхәәнә роб-би- йәл әъләә» деп сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, отыр да, «Әттәхийәт» дұғасыноқып, намаздың 2-ші ракағаты бітіп, «Аллааһу Әкбар» деп 3-ші ракағатты оқуға қиямға тұр. «Бисмил-ләәһир- рохмәәнир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқып іштей әмин де де «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би-йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб- би-йәл әъләә» де де, «Аллааһу Әкбар» деп, отырып, «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, 3-ші ракағатты аяқтап, 4-ші ракағатты оқуға қиямға тұрып, қол байлап, «Бисмилләәһир- рохмәә-нир-рохиим» деп, «Фатиха» сүресін оқыпіштей әмин де де, «Аллааһу Әкбар» деп руқуғқа бар. Рукуғта 3 рет «субіхәәнә роб-би- йәл ъазыйм» деп, «Сәмиъал-лааһу лимән хамидәһ» деп руқуғтан тұрып, «роб-бәнәә уә ләкәл хамді, Аллааһу Әкбар» деп сәждеге бар. Сәждеде 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» деп Аллааһу Әкбар» деп, отырып «Аллааһу Әкбар» деп, 2-ші сәждеге бар. Сәждеде, 3 рет «Субіхәәнә роб-би-йәл әъләә» де де, сәждеден «Аллааһу Әкбар» деп, соңғы отырысқа отыр да, «Әттәхийәт, Салауат» оқып, «Роббәнәә әәтинәә фид-дүниәә хасәнәтән, уә фил әәхирати хасанатан, уә қыйнәә ъазәәбәнн- нәәр. Роббәнағ фирлии уәли-уәәли дәийә, уә лил му-минийнә яумә иә қуумул хисәәбі. Бирохмәтикә иәә архамар роохимиин» деп, «Роббәнә» дұғасын оқып, жүзді оңға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ», жүзді солға бұрып, «Әссәләәму ъәләйкум уә рохматуллааһ» деп сәлеммен намазды аяқта. Отырғанда, 3 рет «Әстағфируллааһ» деп, қол жайып, «Аллааһумм-мә Әңңтәс-сәләәму уә миңңкәс-сәләәму тәбәәроктә иәә зәл жәләәли уәл икроом. Аллааһу Әкбар» деп бата жасап, бет сипа.









Пікір жазу