30.03.2023
  159


Автор: Намаз

Намаздың парыздары

Намаздың сыртында 6, ішінде 6 парыз бар.


Намаздың сыртындағы парыздар:



  1. Хадестан тазару; дәрет алу, ғұсыл құйыну (Рухани тазару). Су болмаса, бар су жеткіліксіз, не жарамсыз (таза емес), әлде су пайдалану денсаулыққа зиян болса, таяммум соғу қажет. (Дәрет, ғұсыл алу қажет болатын жағдай мен тәртібі төменде жазылған).

  2. Нәжістен тазалық; Дене мен киімнің, намаз оқитын жердің таза болуы.

  3. Әурет жерлерінің жабық болуы. Әурет: Ерлердің – кіндігі мен тізенің арасы; Әйелдің: беттері, екі қолының басы мен қызыласықтан төменгі екі аяғының басынан басқа денесі (Х. Алтай Ғибадатул-Ислам Алматы: 2001 ж. 45 б.). Әурет жерлерінің төрттен бір бөлігі ашылса намаз бұзылады (Х.Өзтүрік «Ислам Ғылымхалы» Алматы 2010 ж. 512 б).

  4. Намаз уақытының кіруі. Уақыты кірмей оқылған намаз нәпіл, уақыты өткеннен кейін оқылған намаз қаза болып есептеледі. Намаздың қазасын оқу тек қана борыштан құтылған болады. (Х. Алтай Ғибадатул – Ислам Алматы: 2001 ж. 45 б).

  5. Құбыланы анықтап, оған қарап қиямға тұру. (түрегеп тұру)

  6. Ниет – жүрекпен (іштей) «Уа Алла, өзіңнің ырзалығың үшін ниет еттім, (оқитын намаздың атын айтып) оқымаққа деу.





Пікір жазу