29.03.2023
  185


Автор: 365 күн

10 сәуірде қандай айтулы оқиға болды

Әлемнің көптеген елінде бүгін Аға мен қарындас күні аталып өтеді (Siblings Day). Мереке отбасылық құндылықтарды нығайтып, туған-туыстармен жиі кездесіп, жақсы қарым-қатынасқа ұмтылуды көздейді. Аға мен қарындас күні АҚШ-та 1998 жылдан тойланып жүр. Бұл мерекені бекітуге Клаудия Эварт есімді тұрғын бастамашы болған. Ағасы мен сіңлісінен ерте айырылған ол осылайша адамдарға туыстарымен араласып, тату болуды еске салуды жөн көрген екен.

Ағылшындар бүгін банан күнін атап өтеді. 1963 жылы дәл осы күні елде банан сатыла бастаған. Осыны ескеріп ең танымал экзотикалық жемістің құрметіне арнайы мереке бекітеді. Банан ең пайдалы жемістердің бірі болып есептеледі. Оның көмегімен гипертония, асқазан қыжылы, депрессияны емдейді.





Пікір жазу