29.03.2023
  108


Автор: 365 күн

7 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

1994 жылдың 7 сәуірінде Ресейде виртуалды әлемді дамудың жаңа сатысына көтерген айтулы оқиға болды. Дәл осы күні жаңа .RU домені тіркеліп, миллиондаған адамның басын қосатын кең ауқымды халықаралық базаға енгізілді. Қазір бұл дата көпшілікке Рунеттің туған күні ретінде танымал. Сондықтан бүгін тек кәсібилер ғана емес, интернеттің қарапайым қолданушылары да мерекені атап өтеді. ".RU доменін басқару тәртібі туралы" келісімге қол қойылғаннан кейін, Ресей ресми түрде интернет желісіндегі "өмірін" бастады.

Сондай-ақ, бүгін әлемнің біраз елінде Бүкіләлемдік денсаулық күні аталып өтіп жатыр. Бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуы құрметіне бекітілді. Жылдар өте 7 сәуір жұртшылықтың назарын денсаулық сақтау проблемаларына аудару акциясына айналды. Әр жыл ең өзекті мәселеге арналған. Мәселен, биылғы жылдың басты тақырыбы – "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі". Ең зиянды тағамдар рейтингінде дүкендегі көкөніс пен жеміс-жидек, сүт өнімдері, ысталған тағамдар, жартылай дайын өнімдер және консервілер бар. "Үздік" үштікті майлы және тәтті тағамдар бастап тұр. Екінші орында –  қуырылған картоп, хот-дог, гамбургер және фаст-фудтың басқа да түрлері. Чипсы, газдалған тәтті сусындар мен сағыз да адам денсаулығына зиянды. ДДСҰ мәліметінше, бұл өнімдерден адам уланып, тіпті, қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін. Сондықтан бұл тағамдарды жемеген абзал.
Бүгін, сондай-ақ, Косметолог күні. Бүгінде косметологтардың қызметіне тек нәзік жандар ғана емес, еркек кіндіктілер де жүгінеді. Егер қызметін тұрақты пайдаланатын косметологыңыз болса, оның еңбегін елеусіз қалдырмаңыз – істеп жатқан жұмысына алғыс айтып, төл мерекесімен құттықтаңыз!





Пікір жазу