29.03.2023
  135


Автор: 365 күн

6 сәуірде әлемде және қазақстанда туған танымал тұлғалар

1836 жылы орыс хирургі, профессор Николай Склифосовский дүниеге келді;

1923 жылы кеңестік кинорежиссер, сценарист, актер Василий Ордынский өмірге келді. РКФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). РКФСР халық әртісі (1974). Людмила Гурченконың бірінші күйеуі;

1970 жылы украиналық әнші және композитор, Украинаның халық әртісі (2008) Ирина Билык туды;

1975 жылы италиялық және ресейлік актриса Екатерина Архарова дүниеге келді (фильмдері: "Возвращение Титаника", "Каменская", "Волки");

          6 сәуірде Қазақстанда кімдер туды

1938 жылы техника ғылымының докторы, профессор, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, А.Эйнштейн атындағы Халықаралық энергетика академиясының академигі болған Мұратбек Әлімжанов дүниеге келді;

1946 жылы дирижер Жамағат Темірғалиев туды;

1949 жылы суретші-кескіндемеші, этнограф-қарутанушы Қалиолла Ахметжан өмірге келді;





Пікір жазу