29.03.2023
  403


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 2 бөлім

Жаныма жақын екі құрбымды ертіп алдым. Аяна мен Назымды. Үшеуміз музейге кіріп аралап жүрміз. Ерекше бұйымдар екен. Барлығы көздің жауын алады. Көруге тұрарлықтай. Өте әдемі бұйымдар. Қарасаң көзің тоймайды. Безендірулер, оюлар барлығы ерекше. Әр салынған өрнектерге қарап, не деген биіктік, шексіздік, недеген құлшыныс деп таңырқай қарайсың. Менің де мұның біріне де шыдамым жетпес еді. Бір жерге жолығуға шықсақ Аяна 5 минутқа кешіккеннің өзінде жанымды қоярға жер таппай, шыдамсызданып кетемін. Ал мұнда қаншама еңбек, көз майын тамызып жасалынған дүниелер.

Аралап жүріп өзіміздің не үшін келгенімізді ұмытып кете жаздадық. Әлгі жігіттің другвокругтегі суретіне қарап оны іздей бастадым. Қарайған адамның ішінен оны табу қиынға соқты. Сонда да өтірік бұйым көріп жүргенмін, жан-жаққа шолу жасап, көзбенен іздестірдім. Бір кезде тапқандай болдым. Қобылжып кеттім. Телефондағы суретке қарадым. Және көз алдыма тұрған бейнеге қарадым. Ұзын бойлы арық келген, өңді, Нұрлан Еспановтың шашы сияқты бірақ, оныкінен қарағанда қаралау шашы бар. Басқаны қайдам өзіме ерекше көрінді.

Оған қарап біраз тұрып қалыппын. Жанымда Аяна мен Назым күмбірлеп бірдеңелер айтып жатыр. Түсінбей мен оларға қарап қалыппын. Кенет Назым "іздеп жүрген жігітіне басың айналып тұрғанда оны сенен бұрын басқа біреу айналдырып жатыр" демесі бар ма... Басында "сендерде оны көрдіңдер ғой иә? Ұзын бойлы жігіт екен. Сымбатты ғой иә" дей беріппін. Олардың сөзін елемегендей болып... Сонан оған қайта қарағаным сол еді, жанында расында бір қыз тұр. Екеуі кәдімгідей шүйіркелесіп, күліп, әңгіме айтып...





Пікір жазу