29.03.2023
  267


Автор: Әсерлі әңгімелер

Махаббат - 4 бөлім

Автобус пен әпкемнің үйіне Аяланы ертіп бірге түстік. Ал Назым өз үйіне кетті. Аяла жатақханада жалғыз өзі болғандықтан оны жаныма шақырдым. Үйге келсек үй бығып жатыр. Әпкем жоқ үш бала шағасы жылап жүр. Сырттарынан құлыптап кеткен. Маған хабарласып ескертпеген де... Кеткеніне біраз болған ау, себебі балалар шошып қалған. Қарындары аш. Мен үйді жинадым. Аяла тез арада тамақ жасап жіберді. Балаларды тамақтандырып, өзіміз тамақтанып, боламыз дегенше кеш те батты. Балаларды ұйықтатып, ыдыстарды жуып жатқанда есік ашылды. Әпкем мен жездем келіпті. Келе сала әпкем қуанып, "сен келетініңді білдім ғой. Жұмысымен асығыс шақырып қалып, зарядкам да өліп қалыпты, саған хабарласа алмадым. Балалар ұйықтап қалды ма?" деді. Күндізгі ашуым басылмаған, бірдеңе деп сөйлейін деп едім, Аяла қолымнан ұстап қалды. Сөйтті де, "әпке, онымен еріп келгенім жақсы болған. Екі жақтап барлығын жасап тастадық. Балалар ұйықтап қалды. Енді бірге сабақ орындаймыз. Бірігіп жасайтын презентациямыз бар еді. Мен мұнда сол үшін келдім." деді.

Аяланы ертіп басқа бөлмеге кірдік. Аяла төсек салып жүр. Мен болсам ызбайланып әлі отырмын. Бүгінгі күн мен үшін сәтсіз өтті. Екеуміз сабақ орындадық та, бірден ұйқыға кеттік. Қатты шаршаппыз.

Түн. Кенеттен соғылған қоңырау оятты. Сағатқа қарасам түнгі 03:45. "Сәлем" деді, таныс дауыс. Оның кім екенін іштей сезіп тұрмын. Күні бойғы ашуымды тарқатқандай болды. Оның дауысы құлағыма жағып барады. Екеуміз біраз әңгімелестік. Ол мені музейде күндіз байқаған екен. Бірақ мен оны көрді деп ойламадым. Бар ойым әлгі қызда болды. Оны өзінен сұрауға бата алмадым.





Пікір жазу