Махаббат - 6 бөлім
Үйден шықтым деп жазғаным сол еді, қай жерде деп тұрған жерімді сұрап, дереу осында келді. Есігін ашып, отыр деп жайғастырды. Екеуміз біраз қаланы араладық. Донер алып, сусын, балмұздақ әперіп, кешімізді тамаша өткіздік. Бірінші рет өзімді еркін сезінгендей болдым. Қанаттың жанында өзімді бақытты сезіндім. Бірінші рет жолықсақ та, оған деген жатырқау, ұялу, қысылу дегенді білмедім.
Аспанда қалықтап ұшып жүргендей, ерекше сезімде жүрдім. Бірақ көкіректе бір кірбің тұрды. Онымен ашық сөйлескім келді. Бірақ бата алмадым. Қанатқа қарап қоямын, көздерінде бір басқаша сөз айтып тұрғандай тұла бойым түршігіп кетті. Артық ешнәрсе демей, менде ештеңе сұрамастан жүре бердік. Сағатты да қарамағам, үйге келсем сағат ,02-42. Мәссаған деп таң қалып тұрғанымда, әпкем есіктің алдына келіп, менің шашымды жұлып, бетімнен ұрып, әр түрлі жиіркенішті сөздер айтып, әбден жанымды ауыртып, Қанаттың көзінше әбден ұятқа қалдырды. .
Қанат бәрі жақсы болады деп жақындай бергенде әпкем араласпа деп оны да қуып жіберді. Қанат амалсыз маған аянышты көздерімен қарап, кете барды. Әпкем мені үйге кіргізіп, " төсегінде омалып, омалғыр деп, есікті тарс жауып кетіп қалды. Таңертең жексенбі күні болғандықтан біраз ұйықтаймын деп ойлағанмын. Бірақ әпкем тағы да шу шығарып, анаммен сөйлесіп жатты. Байғұс анамның тамағынан ас өткізбей, елпілдеп, осында жетіп келді. Әпкем неше түрлі әңгіме айтып, мені әбден жамандап жатыр. Дұрысын айтса да дұрыс емесін айтса да үндемей, тек тыңдап отыра бердім. Ал анамның екі көзінен жас парлап ағып жатыр. Әпкем болса қояр емес "қаңғыбас қызыңды алып кет, мен жауап бермеймін" деп екі бөлмелі квартираны басына көтерді.