Махаббат - 7 бөлім
Анамның туған сіңілісі ғой, неге сонша шу шығарғанын түсінбеймін. Ұрысса неге маған ұрыспады. Анам байғұс маған қарап тұр. Мен шыдай алмадым. "Жаспыз, қыдырамыз, жүреміз, онда тұрған не бар? Енді сіздің бала шағаңыздыьасырап, үйіңізді жинап, құл болып жүрейін бе? Тудыңыз ба өзіңіз қараңыз. Енді мүлде мұнда келмеймін" деп, анамды, жүктерімді жинап кетіп қалдым. Шықтым да қайда баратынымды білмедім.
Аяла хабарласты. Оған мән жайды айтып бердім. Ол дереу жатақханаға келцімді өтінді. Анам екеуміз сонда қарай ұштық. Аяла таныс тәрбиешілермен сөйлесіп, мені жатақханаға орналастырды. Қалай қуанғанымды айтып жеткізе алмаймын. Анам да мәз. Орналасып көшіп болған соң, анама шәй тамақ беріп, автовокзалға шығарып салдық. Қанша жүзі жарқын болғанымен көздерінде мұң бар ғой. Бауырымен ұрсысып қалған соң, біртүрлі болып тұрғаны анық көрініп тұр.
Анамды шығарып салған соң, жатақханаға келдік. Аяла екеуміз отырып біраз сөйлестік. Қанат туралы оған айтып бердім. Оған қалай ғашық болғанымды түсіндіріп жеткізу мүмкін емес. Әңгіме қылып отырғанымызда Қанат хабарласты. Дереу тұтқаны алдым. Жағдай сұрасып, қазір кездесуге шақырды. Жатақханаға көшіп кеткенімді айттым. Осы мекен жайды ватцабына жазып жіберіп едім дереу келді. Екеуміз жолығып біраз қыдырдық. Өткен кеткенімізді, сырларымызды айтып, күлдік ойнадық. Кеш қарайып қалыпты. Жатақханаға кешкі 22:00 не дейін бару керек. Сол себепті амалсыз қоштастық. Жатақханаға әкеліп тастады. Тәрбиешілер көріп қоймасын деп көлігін алыстау жерге тоқтатып, бері қарай жаяу келдім. Келсем Аяла күтіп отыр екен. Мен сондай бақытты жүзімді көріп, Аяла да мәз. Біраз әңгіме қылып артынша, Ұйқыға жаттық.
Жалғасы бар