29.03.2023
  106


Автор: Қадір түні

ҚАДІР ТҮНІН ҚАДІРЛЕ

Үмбетіміздің        тарихына        көз     жүгірсек,  осы қасиетті          айдың      мұсылман   тарихында                     ерекше белгіленгенін          көреміз,      жеңіс      пен        құт-береке, қайырлылыққа толы ай екеніне куә боламыз. Бұл маусым мұсылмандардың ораза парызын орындап, күнәдан арылып, имандылықтарын нығайтып, рухани түлейтін мезгілі. Байлардың жомарттық көрсететін айы. Жалпы мұсылмандар үшін өзін өзі тәрбиелейтін сабырлылық айы. Мүбәрак маусым тек мейірім, игілік әкеледі. Оның кереметтері таусылмайды.


Расында да Алла Тағала он екі айдың ішінде рамазан  айын    айрықша         құлшылық     айы     етіп белгіледі. Ал енді осы рамазан айының ішінде бір өзі мың айға татитын Қадір түнін енгізген екен. Бұл қасиетті түн туралы Құран Кәрімнің бірнеше жерінде айтылған. Оның ішінде Қадір сүресі түгелдей осы түнге арналған. Енді сол аталған аяттарға жеке-жеке тоқталып өтейік.


 


Алла Тағала былай дейді: «Шын мәнінде, Біз оны (Құранды) бір мүбәрак түнде түсірдік. Расында, біз ескертуші болдық. Ол түнде барлық хикметті істер айырылады. Біздің тарапымыздан бір бұйрық. Расында біз елшілерді жіберушіміз» (Дұхан сүресі, 3-5-аяттар).


 


Ал Қадір сүресінде былай делінген.


 


Алла Тағала былай дейді: «Шындығында, Біз оны (Құранды) Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екендігін білесің бе? Қадір түні мың айдан қайырлы. Онда (бұл түні) періштелер мен Рух (Жебірейіл а.с.) Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс (Алланың әмірі) үшін түседі. Ол (түн) таң атқанға дейін бейбітшілікте болады» (Қадір сүресі).





Пікір жазу