29.03.2023
  109


Автор: Ораза

Ғұмыр бойы ораза тұтқандай

Әбу Аййуб әл-Ансариден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім рамазан оразасы тұтып, одан кейінгі шәууал айынан алты күн тұтса, мәңгілік ораза тұтқанмен тең», – деген. (Мүслім риуаят еткен).


Рамазан айының отыз күн оразасынан кейін шәууал айынан алты күн ерікті ораза ұстаса, оның сауабы жыл бойы ораза тұтқандай болады екен. Өйткені Алла Тағала әрбір ізгілікті он еседен бастап бірнеше есеге дейін көбейтеді. Отыз күнге тағы алты күнді қоссақ, отыз алты күн, ал оны онға көбейтсек, үш жүз алпыс күн. Демек, бір жыл ораза тұтқандай болады. Ал жыл сайын дағдыға айналдырса, өмір бойы ораза тұтқандай екен. Мұнда мұсылман жыл санауында 355 немесе 356 күн болатындығын ескерген жөн. Олай болса, осы игіліктен мақұрым қалмай, айттан соң алты күн ораза тұтқанымыз абзал. Ол алты күнді арасын бөлмей тұтуға да, сол айдың ішінде ара-кідік тұтуға да болады.





Пікір жазу