29.03.2023
92
Ерікті оразаның ерекшелігі
Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза тұтса, Алла оның жүзін тозақтан жетпіс күзге (жылға) алыстатады», – деген. (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Дүйсенбі және бейсенбі күндері іс-амалдар ұсынылады. Сондықтан да мен амалымның ұсынылғанын қалап сол күндері ораза тұтамын», – деген. (Термези риуаят еткен).