29.03.2023
  121


Автор: 365 күн

5 сәуірде қандай қызық оқиғалар болды

Бүгін бүкіл әлемде Көже күні аталып өтеді. Осы бір тамаша тағамды кім ойлап тапқаны мәңгі жұмбақ болып қалатын сияқты. Ыстық асқа нанды үгітіп қосу баяғы заманнан бері әртүрлі халықтарда дәстүрге айналған. Кейінірек тағамға қосылатын ингредиенттер түрі көбейе бастады. Бір қызығы, көже ұзақ уақыт бойы кедейлердің асы болып саналған екен. Ал қазіргі заманда әлемнің кез келген ас мәзірінде көженің ондаған түрі кездеседі. Кей рецептілерді көріп, тіпті таңғаласыз. Мысалы, Кариб аралдарында игуанадан көже пісіреді екен. Африка тайпаларының бірі банан, кофе және Килиманджаро тауы етегінен алынған топырақтан сорпа дайындайды. Жапон аспаздары кеспе мен шоколадтан көже пісіретін көрінеді.

Америкалықтар етті сүйіп жейтіні сонша – Ұлттық ет тілімі күнін атап өтеді. Әртүрлі еттің жұқалап кесілген тілімдерін кез келген сэндвичке, ыстық тағамдарға қосуға болады. Бұл дәмді тағам АҚШ-та қонақ шақырғанда дастарханға міндетті түрде қойылады екен. Америкалықтардың сүйікті ет тағамдары - пастрами, ростбиф, ветчина және түйетауық еті.

Қазақстанда бүгін Көші-қон полициясының күні аталып өтеді. Бұл күн тарихи оқиғаға байланысты қабылданды. Қазақстан Республикасының үкіметі 1993 жылдың 5 сәуіріндегі №256 қаулысымен - "Қазақстан Республикасындағы төлқұжат жүйесі туралы ережелер" – еліміздің төлқұжат-виза қызметі қайта құрылды. 1999 жылы төлқұжат-виза қызметі көші-қон полициясы деп атауын ауыстырды. Қызметтің мақсаты мен атқаратын функциясы, құрылымы өзгерді. Өйткені Қазақстанға келетін шетел азаматтарының көбеюіне байланысты тәртіпті реттеу қажеттілігі туындаған болатын.





Пікір жазу