4 сәуірде қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін Халықаралық интернет күні тойланады. Бұл мереке үшін ерекше күн таңдалыпты – жұрт ұзақ уақыт бойы бір мәмлеге келе алмаған еді. Ақыры соңында Католиктік шіркеу көктемгі жайма шуақ күнді таңдады (олар интернет әлемдік білім мен маңызды ақпарат қоры екенін мойындаған). 4 сәуір – ғылымға құштар, оқушылар мен студенттердің қамқоршысы киелі Исидор Севильскийдің қайтыс болған күні. 2003 жылы Екінші Иоанн Павел әулиелердің арасынан епископ Исидорды таңдап, ғаламтор қолдаунышларының жебеушісі деп атады. Интернет күнін сіз бен біз сияқты қолданушылар ғана емес, кәсіби мамандар да тойлайды: веб-шеберлер, бағдарлама жасаушылар, копирайтерлер, тіпті хакерлер.
Сонымен қатар, бүгін Веб-шебер күні аталып өтеді. Интернеттегі көздің жауын алатын сайттар – дарынды әрі ойы жүйрік мамандар еңбегінің жемісі, оларды көбінесе веб-шеберлер деп атайды. Бұл кәсіп иелерінің де жеке мерекесі бар. Мамандықтың да, мейрамның да пайда болғанына көп болған жоқ, бірақ тез танымал болып кетті. Интернетті жиі пайдаланатын қолданушылар парақша дұрыс ашылмаса, "қате 404" деген жазу шығатынын жақсы біледі. Бұл мерекенің күнін осыған байланысты таңдаса керек. Негізінде, веб-шебер – өте маңызды адам, себебі ол сайтты жасап шығарып, интернетте ұжымдық мүдделерді алға тартады, жаңа әрі қызық идеяларды ұсынады.
Жыл сайын 4 сәуірде Дүниежүзілік егеуқұйрық күні аталып өтеді. Бұл бейресми мереке 2002 жылы бекітілген. Үй жануары ақылды, ойынпаз және ерекше күтімді қажет етпейді. Егеуқұйрықты қолға үйреткен соң көптеген тұқымы пайда болған, олар түр-түсі және жүні жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.