29.03.2023
  117


Автор: 365 күн

3 сәуірде әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1937 жылы кеңестік және ресейлік режиссер, драматург, сценарист, композитор, актер, жазушы, ақын Марк Розовский дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері (1994). Ресей Федерациясының халық әртісі (2004). "У Никитских ворот" театрының көркемдік жетекшісі;

1957 жылы кеңестік және ресейлік диктор, теле және радио жүргізуші, журналист Владимир Березин дүниеге келген. Ресей Федерациясының халық әртісі. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері;

1961 жылы америкалық комедия актері, режиссер, продюсер және әнші Эдди Мерфи дүниеге келді, ол 1980 жылдары танымал болды.  

 1971 жылы Ресейдің театр және кино актрисасы, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі (2006). Ол "Моя прекрасная няня" телехикаясының арқасында кеңінен танымал болды.

3 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді:    

1915 жылы ақын Абдолла Жұмағалиев дүниеге келді;

1953 жылы опера әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай дүниеге келді;

1958 жылы композитор, Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серік Еркімбеков дүниеге келді;

1985 жылы Н.А.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері  Динара Тілендиева дүниеге келді





Пікір жазу