29.03.2023
114
![](/uploads/shorttexts/author_image/img-4391-05-06-19-05-45-002.jpg)
С: Ислам дініндегі оразаның үкімі қандай?
Ж: Рамазан айында ораза тұту балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, дені сау әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақтанарсыңдар», – деген. (Бақара, 183). Рамазан айынан басқа уақытта тұтылған ораза ерікті болып есептеледі. Мұнан өзге тұтуға міндетті ораза түріне нәзір етіп, бірақ уақытында тұта алмаған ерікті оразаның қазасы ғана жатады. Ораза араб тілінде саум деп аталады.