29.03.2023
169
Дастархан батасы
Сұрақ: Дастархан батасын білесіз бе?
Жауап: Дастархан батасы көп. Соның бірі
төмендегідей.
Сыртыңнан дұшпан жүрмесін,
Көңіліңе үрей кірмесін.
Көре алмаған күншілдер,
Күшіктей шулап үрмесін.
Сыйлы етіп Алла басыңды,
Ғұмырлы етсін жасыңды.
Алла қолдап өр-шыңға,
Домалатсын тасыңды.
Қадірін білгің анаңның,
Қызығын көргің балаңның.
Күнің мен ісің түспесін,
Қолына топас сараңның.
Асқақтап атсын арманың,
Арайлап атсын таңдарың.
Мақсаттарыңа жете бер,
Аман болып мал-жаның.
Әумин!