Сұрақ: Қандай нәпіл намаздарды білесің?
Жауап: 1-Тәһәжжүд - Құптан мен таң
намазының арасындағы 2 немесе 8 рәкаттық
намаз);
2-Дұха (Сәске) - Күн найза бойы көтерілгенінен
күн тас төбеге жетуіне жарты сағат қалғанға
дейін оқылатын 2, 4 немесе 8 рәкаттық намаз);
3-Әууабин - Ақшам намазынан кейінгі
2 немесе 4 рәкаттық намаз;
4-Тахиятул Мәсжид (Сәлем намазы) - Мешітке сәлем беру мақсатында ғана оқылатын 2
рәкаттық намаз);
5-Қажет намазы - әлдебір қажеттілікке байланысты оқылатын 2 немесе 4 рәкаттық намаз;
6-Истихара - бірнеше нәрсенің қайырлысын
білу үшін оқылатын 2 рәкаттық намаз;
7-Тәсбих - кез келген уақытта оқылатын 4
рәкаттық намаз;
8-Кусуф - күн тұтылғанда оқылатын 2
рәкаттық намаз;
9-Хусуф - ай тұтылғанда оқылатын 2 немесе
4 рәкаттық намаз.