
Сұрақ: Намаздың парызы қанша?
Жауап: Намаздың парыздары – он екі.
Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.
Намаз сыртындағы парыздары:
1-Хадасаттан тазалық: Дәреті болмаса дәрет,
бой дәреті болмаса бой дәрет алу;
2-Нәжістен тазалық: Дене, киім және намаз
оқитын жердің таза болуы;
3-Әурет жерін жабу: Өзгенің қарауы
харам, жабылуы парыз болған ұятты мүшелер.
Ердің әурет жерлері, кіндік пен тізенің арасы, әйелдің әуреті жүзі, қолы, аяғынан басқа
барлық денесі.
4-Құбылаға бет бұру;
5-Намаз уақытының кіруі;
6-Ниет ету.
Намаз ішіндегі парыздары:
1-Ифтитах тәкбірі (Намазды «Аллаһу Әкбар»
деп құлақ қағып бастау);
2-Қиям (Тіке тұру);
3-Қырағат (Құран оқу);
4-Рүкүғ (қолдарды тізеге қойып төмен қарай
иілу);
5-Сәжде: Маңдай мен мұрын, екі аяқ, екі қол,
екі тізе (жеті сүйекті) жерге тигізу;
6-Ақырғы отырыс: «әт-Тахият» дұғасын
оқитындай уақыт отыру.