28.03.2023
  258


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Білемін…


Бозамық көктен, бозарып атқан таңымда,
Көделі жердің, көктеген көктем маңында.
Бүлдірген ойдың, бүршігі бүріп барады,
Гүлдейтін жүрек, жаным ба?


Жұпары аңқып, жайнаған жүзі даламның,
Сарайын көңіл, сезіммен сәндеп, санам мың.
Серпіліп сенім, тосып тұр сырттан сауғасын,
Бере ме, адам, қаламым…?


Бояуы қанық, бұлыңғыр емес жарығым,
Секілді қазақ, мақсаты айқын алыбым!
Білемін таңда, шығады Шолпан жетелеп,
Жақсылықтардың барлығын…!





Пікір жазу