28.03.2023
  305


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Қате пікір

 


,,Өзіңді сүй, өзің үшін, кеш ғұмыр”
-Айтпап еді, бізге ешкім еш бұрын.
Бүгінгінің данышпаны психолог,
Көрсетіп жүр, жалғыздықтың көш қырын!


Қырық бестен асып бара жатқан біз,
Өзге үшін, жүрекке жүк артқанбыз.
Айтыңдаршы, оңтайы ма бұл жолдың,
Елу, алпыс, жетпіс сексен, тоқсан, жүз…?


Киім алдық, сіңлі үшін далиған,
Бағаладық, бата келсе қаридан.
Қонақ үшін ас пісіріп, үй жинап,
Сақтағанбыз өмір үшін, ар- иман!


Қара бас деп, қылтиятын тылсымың,
Көпшілікке тықпасын тас тұмсығын.
Көріп жүрміз, ырысымыз кемімей,
Қағиданың, қуанышты, қыр- сырын!


Гулсим Сатыбалды





Пікір жазу