28.03.2023
  284


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Әділдік керек

ӘДІЛДІК КЕРЕК…


Aqorda Қасым-Жомарт Тоқаевқа…


Күн көрген көкесімен жайлап еппен,
Қалтасы қампайғандар, жайнаң еткен.
Есек боп, есеп үшін жүргендер көп,
Адамдық қасиеттер, қайда кеткен?


Әділдік,басшылардан алыстаған,
Көбісі, ел ісімен алыспаған.
Халыққа қажет емес құрғақ уәде,
Қызметте отырсын тек, ар ұстаған!


Реформа, сайлаулардың бәрі жалған,
Одан тек, үкіметтің бағы жанған.
Айлығын асырып бер, ас-ауқаттан,
Қолдан тарт, құлатпай ел, әрі жардан.


Халқыңның, жан жүрегі сөгіліп тұр,
Жәй жұртың, баспанасыз егіліп жүр.
Иланбай есеп бергіш жендеттерге,
Төмен кеп, ел ішінен көрініп тұр.


Әкесі бола тұра шаңырақтың,
Өгейдей өз қаныңды аңыраттың.
,Істеген тістер”-дейді ақылдылар,
Болған ба, жарығаны жаны ақтың?!


Бүгінде партия көп жалданбалы,
Еліме, пайдасы жоқ, жанған бағы.
Құлысыз, сізде біздей бір Алланың,
Халықтың хақысын бер жалғандағы.





Пікір жазу