28.03.2023
74
ДҰҒА ЕТУДІҢ ӘДЕТТЕРІ
Дәретті болу, яғни таза болу;
Дұға жасағанда әуелі Аллаға
мақтау айтып бастау;
Тілекті үш қайтарадан айту;
Құбылаға бет қарату;
Екі қолды көтеріп, алақан жайып
тілеу;
Орташа дауыспен дұға ету;
Дұғаны Пайғамбарға салауат
айтумен аяқтау;
Алдымен өзі үшін дұға ету;
Шын ықыласымен тілеу;
Еш жалықпай тілеу;
Тек жақсылық тілеу.
Дұғаны ерте жасау, яғни бас
тасқа тигенде емес;
Құран – хадис көрсеткендей
болуы керек;
Ішіп-жегені адал, киген киімі
адалдан болу керек;
Дұға қабыл болмады деп
асықпау, сабыр сақтау;
Дұға жасағанда Аллаға серік
қоспау;
Әдептілік сақтау – міне осы
нәрселерді мұқият атқару керек.