27.03.2023
  133


Автор: Намаз

НАМАЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Намаздар негізінен үшке бөлінеді:


1) Парыз намаздар;


2) Уәжіп намаздар;


3) Нәпіл намаздар.


А) ПАРЫЗ НАМАЗДАР:


Бұлар бес уақыт намаз, жұма және жаназа намаздары.


Бес уақыт намаз:


1) ТАҢ НАМАЗЫ: 4 рәкағат.


 2 рәкағат сүннет;


 2 рәкағат парыз.


2) БЕСІН НАМАЗЫ: 10 рәкағат.


 4 рәкағат сүннет,


 4 рәкағат парыз,


 2 рәкағат сүннет.


3) ЕКІНТІ НАМАЗЫ: 8 рәкағат.


 4 рәкағат сүннет,


 4 рәкағат парыз.


4) АҚШАМ НАМАЗЫ: 5 рәкағат.


 3 рәкағат парыз,


 2 рәкағат сүннет


5) ҚҰПТАН НАМАЗЫ: 10 рәкағат.


 4 рәкағат алғашқы сүннет,


 4 рәкағат парыз,


 2 рәкағат соңғы сүннет.


Бес уақыт намаздан басқа парыз намаздар:


6) ЖҰМА НАМАЗЫ: 10 рәкағат.


 4 рәкағат алдыңғы сүннет,


 2 рәкағат парыз,


 4 рәкағат соңғы сүннет.


7) ЖАНАЗА НАМАЗЫ: парыз кифая.


Ә) УӘЖІП НАМАЗДАР:


1) ҮТІР НАМАЗЫ: 3 рәкағат.


2) ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ: 2 рәкағат.


3) ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ: 2 рәкағат.


Б) НӘПІЛ НАМАЗДАР


Парыз және уәжіп намаздардан басқа намаздарды “нәпіл намаздар” дейді.


Нәпіл намаздар екіге бөлінеді:


1)Парыз намаздарына байланысты оқылатын нәпіл намаздар:


Бұлар парыздардан бұрын немесе кейін оқылатын сүннеттер мен Рамазанда оқылатын Тарауих намаздары.


2) Парыз намаздарына байланысты емес, нәпіл намаздар.


Бұлар мұстахаб және мәндуб намаздар деп те аталады. Бұл намаздар кейбір уақыттарда сауап алу ниетімен оқылады.


Кейбірі мыналар:


а) Сәске (дұха) намазы: Бұл намаздың ең азы – екі рәкағат. Ең көбі он екі рәкағат оқылады. Уақыты – күннің найза бойы көтерілгенінен бастап күн тас төбеге жетуіне жарты сағат қалғанға дейін жалғасады.


ә) Тәһәжжүд намазы: Түн ортасында оқылатын ең азы екі рәкағат, ең көп сегіз рәкағат оқылады.


б) Тахиятул мәсжид намазы: Мешітке барғанда (мәкруһ уақыт болмаған жағдайда) екі рәкағат оқылатын намаз.





Пікір жазу