Нәпсінің құрбаны - 1 бөлім
18 ге жаңа толған кезім. Өзім бұрындары жігітпен көп сөйлестім. Тіпті бүлініпте үлгердім. Оны ата-анам білмейді. Ешқандай бала болмады. Білмеймін неге екенін. Әйтпесе 1 жыл бойы жігітіммен қаншама рет қосылдым. Көтеріп қаламын ау деген ойым да болмады. Кейін ол жігітім бөле сіңіліме көзі түсіп, соған тиісе бастады. Ол сіңілімді де бүлдіріп, басын айналдырмасын деп сіңілімді одан алшақ ұстадым. Бірақ сонда да олар көп сөйлесті. Бірақ жолықпады. Оған сенімдімін. Себебі бөлем екеуміздің үйіміздің арасы 1 сағаттық жер. Бұл ауданда бізден басқа туыстары жоқ. Ал келген кезде көшеге тек менімен шығасың деп, қорғағандай болып жүрдім. Иә, солай зулап уақыт өте берді. Бірақ ол жігітпен арамыз суып, сөйлеспей кеттік. 18 жастан асар шақта тағы да бір отбасылы кісімен таныстым. Жасы 30 жан асқан. Тіпті қымсынбадым да... Анама көшеге жүріп қайтамын деп сол кісінің машинасына отырып білгенімізді істейтінбіз. Ол маған қаржылай көмектесіп тұрды. Сол үшін одан айырылысып кету ойымда болмады.
Оқуды бітіріп, универге түсейін десем, ҰБТ ның балы жетпей, колледжге түстім. Қалаға барып квартираға орналастым. Бірақ оқуға көп бармадым. Менікі тек қаңғыру жүру тұру болды.
Ешқандай туысыма білдіртпеуге тырысып жүрдім. Маткам қатты ауырып, маза бермеді. Гинекологқа тексерілуге бата алмадым. Барлығын біліп қояды деп қорықтым. Оның үстіне тұрмыс құрмаған қызбын. Бұндай іс әрекетімді тоқтатуға тырысып жүрдім. Бірақ тоқтата алар емеспін. Ессіз ләззаттың, бес минуттық рахаттың кесірінен бүкіл өмірімнің быт шыты шығып жатқанын байқап та жүрген жоқ едім. Жастықтың буы...
Жалғасы бар