Нәпсінің құрбаны - 2 бөлім
Ақыры алаңдап жүріп, дәрігерге көрінбедім. Қорықтым. Жеңіл жүрісім көбейген мені оқудағы апайым біліп, дереу деканға айтып мені оқудан шығарып жіберді. Олар ата-анама айтамын деп,мен жылап, өтінген кейіппен жалынып, қалғандарына ақшаларын беріп, ақыры құтылдым. Содан үйдегілерге оқудамын деп алдап, осы қаладан бір жағдайы жақсы жігіт тауып, онымен де әуейі болдым. Жігіттермен көп сөйлеспедім. Әрқайсысымен аттап аттап өтіп, керекті ақшамды алған соң тайып тұрамын.
Бір күндері пәтер иесі, үйге неше түрлі ереке әкеліп жүргенімді, мен жайлы сыбысты естіген бе, бірден заттарымды лақтырып, шығарып жіберді. Одан ата анама хабарласуға мәжбүр болдым. Себебі, жатырымның ауруы күшейе берді. Ата анама оқу орны жабылып, ауысу үшін жаңа оқу орнына біраз уақыт керек деп өтірік айттым. Содан үйге келдім. Біраз уақыт үйде болдым. Екі бүктеліп ауырып жатқан мені көрген анам, қатты уайымдап дәрігерге барайық деп қанша шырылдады. Бірақ мен қаламадым. Себебі, дәрігерге барсам анам мен жайлы барлығын біліп, жұртқа мазақ боламыз деп, қатты қобалжыдым.
Анам мені көндіріп, ауылдық ауруханаға апарды. Амал жоқ тексерілдім. Гинекологтың маған қараған өткір көздерінен мен туралы бәрін біліп тұрғанын түсіндім. Тыпыршып, шарасыз күйде,не істерімді білмей, анама бір қарап, дәрігерге бір қарап қыз емес екенімді айтып қояма деген үреймен тұрмын.