Нәпсінің құрбаны - 3 бөлім
—Қызыңызда эрозия!- деп бастады гинеколог.
Жүрегімнің соғуы жиілей түсті. Бірақ артық ештеңе айтпады. Мына "свечаны салсын, мына дәріні ішсін, мына уколдарлы салдырсын" деп ақ параққа біраз тізім жазып берді.
—Болды барыңыздар!- деді. Мен оған рахмет дегендей бір қарап, анам екеуміз шығып кеттік. Анам болса
— Сонша дәрі дәрмек жазып беретіндей не болды? Неге мұнша жазған, сонша қалай суықтап жүрсің?-деп біраз ұрысыпта алды.
Содан үйде жатып 3 ай бойы емделдім. Анам орнымнан тұрғызбай біраз қарады. Ол үшін мен қиналдым. Ауыртпалықтың бәрін анам арқалап жүрді. Ішімнен қатты қысылдым. Себебі, менің жіберген қателіктерім үшін анам қиналып жатқандай. Қаншама ақшалар кетті. Өз-өзімді жеумен күндерім өтіп жатты.
Жасым 19 ға таяп қалды. Мен болсам құр жатқаннан түк шықпайтынын біліп, Алматыға жұмыс іздеп шығамын деп ата анама ескерттім. Басында қарсы болды. Бірақ үйдің ең үлкені мен, анам жұмыссыз. Әкемнің бір айлығына қарап отырғаннан ештеңе шықпайды, үш інім мен бір сіңілім өсіп келеді деп, анама түсіндіріп айттым.
Ертесіне киім кешегімді реттеп, Алматының автобусына мініп кеттім. Алла Тағала жолымды ашып, жаңа өзгерістермен жаңа қалада мені қарсы ал, деп өзімді дайындай бастадым. Таңертең мінгеннен кешке түсіп, дереу пәтер іздей бастадым. Әкемнің жұмыс тапқанша деп берген 100 мың теңгесіне екі қызбен бірігіп,бір бөлмелі пәтер жалдадық.