26.03.2023
  201


Автор: Әсерлі әңгімелер

Нәпсінің құрбаны - 8 бөлім

Алматыға барып, пәтердегі қыздармен қайта тұрдым. Мені келеді деп күтіп жандарына қыз алмапты. Оларға тұрмысқа шығып, қашып келгенімді айтпадым. —Жақсы демалып келдің бе? Ата-анаңмен жолығып, сағынышын басылған шығар иә?- деп жатты.
—Иә, иә деп, өтірік жымиып, жұмыс іздеп, алдындағыдай ресторандар да даяшы болдым. Менің кеткенімді барлығы білген шығар дедім. Себебі телефоныма қаншама белгісіз нөмірлер хабарласып тастады. Тұтқаны көтермедім.

Жұмысымды істеп, пәтерге барып келіп жүре бердім. Барынша ештеме ойламауға тырыстым. Бір күні әкем телефон шалды. Басында алуға бата алмай тұрдым. Бірақ кейін жауап бердім. Не үшін қашып кеткенімді, неліктен хабарсыз жоқ болып жүргенімді сұрап, жерден алып жерге салды. Менде тыныш тұра алмадым. Қиындығымның бәрін әкеме жайып салдым. Не істегендерін, адам құрлы көрмегендерін, күйеуімнің әйелі секілді көрмейтінін бәрін бәрін көзіме жас толып, кеудеме өксік толып, әкеме айтып бердім.

Әкеме жан айқайымды түсініп:
—Жылама қызым, сенің қиналғаныңды көру маған оңай деймісің!- деп, сөзбен жұбатып әлек. Жұмыстан қайтып келе жатқан мен, көшенің қақ ортасында отырып, әбден жыладым. Ішімдегінің бәрі сыртқа шыққанша жылай бердім.

Әкем мені біраз тыныштандырып
— Ол үйдегілер енді келмей-ақ қойсын, басқа келін аламыз дейді. Сондықтан саған бір нәрсе айтайын. Менің жақын досым бар. Оның ұлы әлі үйленбеген. Жасы сенен едәуір үлкен. Бірақ өте жақсы отбасы. Мен олармен сөйлестім. Барлығына түсіністік пен қараймыз деді. Сондықтан сол жігітпен танысып сөйлесіп көр. Мүмкін бағың шығар!-деді.

Әкемнің сөзіне ойланбастан келістім. Ол жігітпен сөйлесіп біраз жолығып, бір бірімізді ұнатып одан соң үйленуге шешім қабылдадық. Көп өтпей ақ келін атанып, өмірім енді жақсарар деп, алдыға үлкен үмітпен қадам бастым.





Пікір жазу