24.03.2023
  128


Автор: 365 күн

31 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Халықаралық резервтік көшіру күні. Әрбір адам өмірінде бір рет болса да, электронды тасымалдаушыдағы деректі жоғалтады. Ақпараттың жойылуын болдырмау үшін ерекше атау берілген Бэкап күні аталып өтеді. Бэкап дегеніміз – электронды тасымалдаушыдағы маңызды құжаттардың көшірмесін резервтік сақтау әдісі. Ол негізгі тасымалдаушыдан жойылып кеткен ақпаратты қорғайды. Бұл күні пайдаланушылар өз компьютеріндегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау керек. Мұны арнайы бағдарламалардың көмегімен жасауға болады. Қазір мұндай бірнеше бағдарлама бар. Маңызды ақпаратыңызды қорғаңыз! Бұл үшін білікті маманның көмегін сұрауға болады.

Сондай-ақ, бүгін Ұлыбританияда ана күні (Mother's Day) аталып өтеді. Бұл мейрам викториан заманынан бастау алады. Ол кезде үйден жырақта жұмыс істейтін балалар өз табыстарын отбасына жіберетін. Балаларға жылына бір күнді ата-аналарымен өткізуге рұқсат берілді. Олар, әдетте, аналары мен әжелеріне шағын сыйлық тарту еткен. Қазір британдықтар аналарына гүл сыйлап, үй шаруасын істеуге көмектеседі.

Бүгін Түрікменстанда химия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мейрам 2017 жылдан бастап тойланады. Бұл күні елдегі ірі химиялық кәсіпорын іске қосылған. Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Түрікменстанда мерекелік концерт өтіп, сала үздіктері марапатталады. Бұл елдегі химия саласының өнімі ауыл шаруашылығы, медицина, электр құрылғылары, шыны, қағаз, тұрмыстық химия сынды өнеркәсіпте пайдаланылады.  

31 наурыз күні Мальта Республикасының ұлттық мейрамы - Бостандық күні. 160 жыл Британия отары болған Мальта 1979 жылы  азаттық алды. Бұл мерекеге орай Мальтада әскери ескерткіш алдында салтанатты рәсім өткізіледі, содан кейін Үлкен айлақта дәстүрлі қайықтар жарысын ұйымдастырады. 





Пікір жазу