29 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды
29 наурыз – Ресей қарулы күштеріндегі заң қызметкерлерінің күні. Олар осы күні басшылықтан, әріптестерінен сыйлық алып, олардың жылы лебізін естиді.
Бүгін – Францияда ұлттық ірімшік күні. Франция әлемде ірімшікті тұтынудан бірінші орында. Бұл елдің тұрғындары таңғы, түскі және кешкі аста ірімшік жейді. Мерекенің құрметіне орай француз мейрамханалары қонақтарына 7-8 ірімшіктің түрін бар-жоғы 1 еуроға ұсынады.
29 наурыз – әлем халқы сүйсіне ішетін кока-коланың туған күні. Бұл сусынның рецептісін америкалық фармацевт Джон Пембертон дәл осы күні ойлап тапқан. Ол кока жапырақтарын қайнатып, оған кофеин мен қантты қосқан. Алғашында бұл сусын тек дәрігердің рұқсатымен дәріханаларда сатылыпты. Кейін дизайнер Фрэнк Робинсон коланың бізге таныс логотипін шығарған. Уақыт өте сусынға газ қосылған.
Джон Пембертонның дүниеден өткен соң, оның рецептісін АҚШ кәсіпкері Аза Кендлер бар-жоғы 2300 долларға сатып алады. Кейін ол қоланың құрамына құпия болып саналатын қайнатылған шөптерді қосады. Сусын көпшілікке ұнап, дүкен сөрелерінде сатыла бастайды. 1893 жылы Аза Кендлер ресми түрде The Coca-Cola брендін тіркейді. Қазіргі күнге дейін ол – әлемдегі ең танымал брендтердің бірі.