24.03.2023
  262


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 1 бөлім

Қыс. Қақаған аязда далада жүру мүмкін емес. Ол жылдары қыс айларында жиі боран болып, малдың қырылуы, жоғалуы онан
қалды баукеспелердің ұрлауы, аш отырған халықтың жағдайын онан әрі нашарлатып жіберді.
Аш отырған Ғанидың отбасы ғана емес.Бұл ауылдың көбі сол күйді кешіп отыр.Боран қатты болып, малға жұт келді.Ғани байдың неше жылғы малшысы. Иә, бұл ауылда тек ғана мал бағумен ғана күн көреді. Ол жылдары шыны керек ауыл деген он шақты үйдің басы қосылса ауыл деп атайтын. Жаз шыға міндетті түрде жайлауға көшеді.

Ғанидың ұлы қызы аралас алты баласы бар.Жоқшылықта өмір сүрседе, бұл отбасындағы көрініс сол кездегі қазақтарға таныс жағдай. Әрбір қазақ ол заманда жоқшылыққа шыдамай, Қытайға, Өзбекстанға көшіп кетіп жатты. Туған жерін тастағасы келмейтін, әрі ұрпағының басқа елде өмір сүргенін қаламайтын әке, лашығында қара су мен қорек еткеніне шүкіршілік етіп жүрді. Әйелі күнде миын жеп, көшіп кетуге қанша көндірседе, Ғанидың намысы жібермей-ақ қойды.

Ғанидың бір туған інісі әлдеқашан Өзбекстанға көшіп кеткен. Ал Ғани елден көшкен қазақтарға ашулана қарайтын.Қайтсін енді аштықтан, көз алдында балалары көктей солып жатса, шарасыздан кетуге мәжбүр халықты бірі түсінсе, бірі түсінбеді.

Ал мынау жұттан қырылған малды бай ашуланып Ғаниға төлеуді бұйырды. Ашкөздіктен Ғанидың жинаған тышқақ лағына дейін тартып алған байдың көздері байлықтан соқыр болған. Ауыл жұрты соның малы көп болғандықтан сыйлайды. Ал бұл бай сол сыйлағанды көтере алмайтын надан еді. Қанша баласымен аш қалған Ғанидың жағдайы ешкімге қызық емес. Байғұс әйелі балаларына тамақ жасадым деп қара суды қазанға тарсылдата, оның ішіне ескі малдың терісін қайнатып әуре. Қарындары ашқан балалары тамақты күте-күте ұйқыға кететін. Негізінде ол тамақ емес еді. Анасы балаларын осылайша алдайтын. Ғани болса, байдың адамдарынан таяқ жеп, қабырғасы сынған күйі төсек тартып қалды. Таңнан кешке дейін тамақ іздейтін әйелі құр келетін. Осынша адал жұмыс жасаған Ғани түн ортасында сүйретіле байдың қозысын ұрлап әкелді.

Жалғасы бар





Пікір жазу