24.03.2023
  207


Автор: Әсерлі әңгімелер

Теріс бата - 3 бөлім

Көп ұзамай Ғани өмірден озды. Алты баламен әйелі жылап қалды. Күн көру үшін сараң байдың күңі болды. Сондағы үйге әкелетіні бір кесе күріш. Бір күндік тамағы. Кейде олда жоқ. Екі ұлы таңнан кешке дейін қозы бағады. Әйтеуір жылы қорада жүреді. Көктемге әзер жеткен бұл жесірді ауыл тұрғындары сөзбенде, іспенде қорлап келді. Ері жоқ әйел деп, жасырын зорлықпен етегін түретіндер де бар.

Арада төрт жылдан аса уақыт өтті. Қарызынан құтылған жесірдің балаларына бостандық берді. Көктемнің алғашқы айында Өзбекстанға көшіп бара жатқан жұртпен ілескен Ғанидың жесірі  лашығын тастап кете барды.Кетпеске амалы бар жоқ. Жан-жағынан қысым көрген жесір, аштыққада шыдамай барады. Ол ештеңе емес, тұңғышы Айжамалы он үшке толып қалды. Қара торы ұяң қыздың сұлулығы және бар. Арасында анасымен байдың үйін жинауға келетіні, жасы алпыстан асқан сараң байдың бұл қызда көңілі бар. Тоқал қылып алмақшы. Бұл ойын астарлап жеңгетайлар жеткізген. Бұндай әңгімені естеген бойда, есінен тана жаздаған ана, еш ойланбастан көшуге бел буған еді.

Ия, жесір атануға осы сараң бай кінәлі. Әкесін өлтірген айуанға өлседе, қызын бермейді. Бірақ ол сараң бай, бермеймін дегенге көнбей, күшпен алып кететінін білетін ана, алды артына қарамай көшкеніде сол еді.

Ұзақ жол. Әйтеуір өзі қалағандай мына ауылдан құтылды. Қайнысының қасына барса, бәрі жақсы болады деген үмітпен Өзбекстанға көшіп келді. Ұзақ жолды көте алмаған кішкентайынан қапыда айырылған ана тағыда қара жерде құшақтап жылай берді.
Кішкентайы көптен бері жөтеліп ауырып жүрген. Шыны керек ем шара жасай алмады. Байғұс балаға ыстық суды ғана беруге шамасы келеді. Дәрі дәрмек дегенді көрмегелі қашан?! Ұзақ жолды көтере алмаған бес жастағы балапанының көк жөтелі басылмай, соңы міне қайғылы жағдайға тап болды.





Пікір жазу