Теріс бата - 7 бөлім
Жасун қарапайым өзбек отбасынан шыққан бала. Бар жазығы Айжамалды сүйгені. Жасунның отбасы, бұл тойға біразден бері қарсы еді. Ұлына қазақ емес, өзбектің қызын алуды қанша айтсада, қазақтың қара торы қызына ессіз ғашық өзбек жігіті, әке-шешесінің тілін алмады.
Біраз уақыт келіспей жүрген әке-шешесін Жасун, тамырын кесіп қорқытқан еді. Негізі Айжамал Жасунға:
—Кешірші, енді сенімен сөйлескім келмейді. Сені жақсы көре алмайды екенмін. Қанша тырыссамда болар емес! Қош бол!-деп Жасунмен енді байланыспайтын айтқан еді. Өйткені бар жүрегі өз туысы Ерсінді ғана қалап, сонымен төсектес болып жүрген кезі.
Аз уақыт сөйлесседе, бұрыннан ұнататын Жасун сол үшінде тамырын кесіп өлмекші болды. Қорыққан әке-шеше амалсыз Ғанидың жесіріне келіп, қызына құда түсті.
Жасунның істегені бәрінің құлағына жеткен еді. Айжамалдың амалсыз Жасунмен отбасы құруына мәжбүр. Анасы:
—Егер, Жасунмен отбасы болмайды екенсің, өз қолыммен сені қызды өлтіріп тынамын. Сендей жүзі қараны енді көргім келмейді!-деп әбден ұрысқан.
Әрине бұл жағдай оңай емес. Көшіп келгелі барлық жағдайын жасаған қайнысы мен келініне, қарайтын беті жоқ. Осы бір жағдай екі туыстың арасын алыстатып жібергені қиынға соғып, бірге бастаған кәсіптеріде тоқтатылды.