Теріс бата - 9 бөлім
Қазақстанға көшіп келгенде де біраз болды. Үнемі бәріне кінәлі сен деп ұрыс шығаратын анасының сөздеріне шыдамаған Айжамал "өз күнімді сендерсіз-ақ көремін " деп Алматыға жол тартты. Қызының кесірінен жалғыз туыстарынан араласпайтын анасы Айжамалға "кетпе"демеді.
Жалғыз өзі ашумен үлкен қалаға аяқ басып, біраз күндерін вокзалда түнеумен өмір сүрген қызды вокзалдағы еден жуатын апа байқап, өз үйіне тұруға шақырды. Жас қыз ол кезде 18жаста болсада, тұрмыс құрғанын ешкімге айтпай жүрді. Өзінің жетім екенін ғана айтатын. Еден жуатын апаның арқасында, салонға жұмысқа тұрды. Ол апаның қызы салонда шаш қиятын. Бірте-бірте ол жерге үйреніскен Айжамал шаш қиюды да үйреніп алды.Ақшасы көбейген кезде, жұмыстағы қыздармен бір пәтерде тұра бастады. Ізінен ерген біршама жігіттер болды. Бірақ ол жігіттерден Ерсінге ұқсайтын қылықтарды іздейтін. Екі-үш апта сөйлесіп ол жігіттерді тастап кететін.
Арада бірнеше жыл өтіп, Айжамал өзіне пәтер алып, жалғыз тұрып жатты. Іштей Ерсінді сағынады, іздейді. Кездесіп қалсақ екен деп тілейтін. Ол кездері әліде телефон, интернет деген жоқ еді. Жасы жиырма беске толсада, әліде он сегіз жастағы қыздай киініп, бойыда жарасымды етіп, жарқырап жүретін Айжамалға талай жігіттер сөз салды.
Бірде әріптестермен қыдыруға шағын кафеге барды. Ерсін жұмыс жасауға Алматыға алғаш келіп, таныстарымен көшеге қыдырып шыққан. Мына бір кездейсоқ қыдыру, екеуін қайта жолықтырды. Айжамал отырған кафеге, Ерсін достарымен шашлык жеуге кірген еді. Көзң Айжамалға түсіп, өз көзіне сене алар емес. Сұлулығына сөз жоқ, туысын енді ұмыттым деген Ерсіннің сезімі қайта оянды.
-Айжамал, қалайсың?-деген таныс дауыс селт еткен қыз, Ерсінді көріп таңырқап қалды.
-Ерсін н н!-деген сөзді бөліп айтқан Айжамал қатты қобалжып орнынан тұрып, әріптестеріне тез кету керектігін айтып асыға шығып барады.
Ізінен Ерсінде жүгіре жөнелді. Сыртқа шыққан Айжамал Ерсінге ашулы.
—Тоқташы, жаным! Сені әліде сүйемін!-деген Ерсінге басын бұрып қарады.
Жалғасы бар