Ұры қыз - 3 бөлім
Барлығы шуласып кетті.
—Дене шынықтыруда киінетін жерге кім кірді?- деді айқайлап...
Мен міз қақпастан
—Жадыра кіргенін көрдім!-дедім.
Шын мәнісінде ол тек су ішуге кірген. Содан Жадыраның қасына барып, құлақтан тебе бастадым.
—Сен алдыңғой мойындасай,мен көрдім ғой сенің кіргеніңді. Неге өтірік айтасың?-деп кінәсіз қызға бас салдым.
Тіпті оған сөз берер емеспін. "Алған жоқпын" деп, ақталып әлек. Әйгерім болса жылап жүр. Әйгерім мен Жадыраға жаным ашып кетті. Жадырада ақша болмауы мүмкін емес қой. Болмаған соң сөмкесін ақтардым. Екі жүз теңгеліктің екеуін бір біріне Әйгерім өзі бүктеп қойғандай қойып қойдым.
Әйгерім:
—Мынау менің ақшам ғой, сонда шынымен ұрладың ба? Мен сенен мұндайды күтпеппін!- деді.
Жадыра жылап қалды. Маған қарап:
— Сенде сенбей тұрсың ба? Дегендей кейіп танытты. Қайдан білсін барлығын менің ұйымдастырғанымды. Ал мен жетілікке қашан ілінер екенмін деп, жан жағыма жалтақтап тұрмын. Мұғалім келіп, сабақ өтіп, сол күні ешкім үн-түнсіз барлығымыз үйді үйдімізге қайттық.
Ертесіне ерте сабаққа бардым, алты қыз жиналып әңгіме дүкен құрып отыр екен. Сырттарынан тыңдап отырсам "Жадырадан мұндайды күтпедік. Жағдайы жақсы ғой. Ақша ұрлап не істейді?" сынды әңгімелер кетіп жатыр екен. Сол сәтті пайдаланып:
—Ақшасы бар болса да мүмкін ата-анасы бермейтін шығар. Содан күнде алып жүрген тәттілерін әр кімнен ақша ұрлап сатып алып жүрген шығар!-деп, кіріп келдім.