23.03.2023
  347


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 5 бөлім

Кафешкаға бәріміз бардық. Әбден көңіл көтердік. Би, неше түрлі сусындар, барлығы бар. Басым айналып тіпті "өңім бе, түсім бе?" деп түсінбей жүрмін. Бір нәрсені байқап қалды. Ақбөпе мектеп директорының ұлымен жүреді екен. Ал Әйгерім соның ең жақын досымен. Олар он бірінші сыныпта оқиды. Қалған төрт қыздың жігіттерді қалай ауыстыратынын көрсеңіз ғой....

Мен де қалысамын ба деп, биге шақырған жігіттермен билеп, нөмірімді сұрағандардың бәріне номерімді беріп тастағанмын. Одан ертеңіне түнімен ішкен адам ұқсап, қисалаңдап әрең келдім. Қыздар маған қарап күліп, әлі-ақ үйреніп кетесің балмұздақ деп, мазақ қылды. Келе келе айтқандарындай ақ үйренісіп кеттім. Бірақ оқу жайына қалды. Олар оқуды қатар алып жүреді. Үшеуі озат, ал үшеуі олардан көшіреді. Содан менде оларға жармасып қалып кеткен жерлерімді көшіріп жүрдім.

Бұл бақытты күндер ұзаққа созылмады. Ата-аналар жиналысы болатын болды. Қыздар маған бұл ситуацияда саған көмек бере алмаймыз деп ашығын айтты. Түнде терезеден қашып таңға таяу періштедей келіп төсегіме жата салатын менен анам ондай нәрсе шығады деп ойламаған да болар. Мектеп еден жуып жүрген анама барып, ата аналар жиналысы болады екен деп, мұғалімнің айтқанындай жеткіздім. Ал енді бүгін мені соғыс күтіп тұрған еді. Жалғасы бар





Пікір жазу