23.03.2023
  161


Автор: Әсерлі әңгімелер

Ұры қыз - 6 бөлім

Түсте оқудан қайттық. Анам жұмыстан 17:00 де келеді. Үйді жылан жалағандай етіп, сыныққа сылтау болмасын деп жинап қойдым. Көп күттірмей анам да келді. Ашулы. Сезіп тұрмын. Кішкентайымнан бір жерді шалыс бассақ кесеумен қуалап жүріп ұратын анамды көріп тұрмын. Не болса да кінәлімін. Бірақ бір ұрар одан соң не болар дейсің?

Анам келіп сырт киімін шеше сала:
—Иттің ғана қызы, мені бүкіл жұртқа мазақ қылдың... Басқа сыныптастарын сияқты жүрмейсің бе? Жадыра сияқты үндемей келіп, үндемей кетіп, сабағыңды оқып жүруге болмай ма?. Көрсетемін саған ұрланып қашқанды.. Айуан, жексұрын!- деп таяқтың астына алды.

Соңында анам жылап қалды.
—Мені масқара қылдың ғой қызым, мектептегі еден жуушының қызы қаңғырып жүр екен деген сөзге қалдырдың ғой. Сол дұрыспа енді? Қайта оқуда үздік болып, марапаттап, жағдайы нашар болса да үздіктердің қатарында деп айтса қанекей жұрт!- деп, еңіреп жылай берді.
—Мама, кешіріңізші. Бірақ қазір жаспыз. Әбден барлығын көріп қалғанымыз жақсы емес пе? Неге сонша жылайсыз? Сіздің кезіңізде бұндай болмаған. Сондықтан сізде іште өкпе реніш қалып кеткен!-дедім бәрін білетіендей мен.
Анам одан сайын ашуланып:
—Санасыз-ай, неғыл деп оттап отырсың!-деп, қуалап ұра бастады.

Ертеңіне мектепке бардым. Қыздар кәдімгідей жүр. Жандарына барып:
—Сендерді мамаларың ұрмады ма?- деппін сасқанымнан.
Қыздар күліп жіберді. Сөйтсем үшеуінің шешелері мұғалім, ол мүлде естен шығып кеткен. Ал үшеуі шешелері мен ым-жымы бір. Ақбөпенің жігіті директордың баласы. Әңгіменің бас аяғы сол екен. Мені сынапты. Анасынан бір жақсылап таяқ жеп алсын деп... Енді мүлдем олай болмайтын болды. Себебі араларына қосылғандықтан мен не істесем де дұрыс.

Жалғасы бар..





Пікір жазу