Ұры қыз - 7 бөлім
Осылай жүріп 9шы сыныпты бітірдік. Сыныбымыздан жылап жүріп, Жадыра колледжге кетті. Тағы бір қызбен бір ұл кетті. Тек осы 7 қыз және ұлдармен қалдық. Ішіміз пысқанда Жадыраға тиісуші едік. Олда кетіп қалды. 10 сынып басталды. Күнделікті сабағымызға барып келіп жүрміз. Соңғы сабақ денешынықтыру болатын. Сабақ бітіп, гардеробка киімдерімізді алуға келсек, Ақбөпенің сөмкесінің артқы қалтасынан 500 теңгені байқап қалдым. Жанына барып басқа әңгімеге тартып, ақшасын алып алдым. Солай өз сыныбымнан да, басқа сыныптарда ақша жасап жүрдім. Бұл деген бір рахат екен. Барлығы қанша тыраштанса да ұрлықшыны ешкім таппады. Бірақ мен ұрлықшы емеспін. Жәй ғана ала салдым. Қыздар өзге сыныптан да ұрлық шығып жатқан соң менен күдіктенген жоқ. Кейін бірінші тоқсан бітіп, демалысқа шықтық.
Демалыста анам бізге қалған оқу құралдарында алыңдар деп, ақша беріп, ауданға жіберді сіңілім мен інімді ертіп, анамның берген ақшасына оқу құралдарын алдық. Ал менің ақшам оларды әбден қыдыртып, тәттілер алып, әбден тойып қайттық. Үйге келе жатқанда оларға, мамаға ештеңе айтып қоймаңдар деп, жалбарынып келдім. Сол уақыттарда әкем көп ішетін болды. Құдайдың құтты күні ішіп келетін.
Әйтеуір 11 сыныпқа да аяқ бастық. Мен сұғанақтығымнан әлі арыла алмадым. Бітіретін уақыт болғандықтан, өзімізше масаттанып әркіммен бір сөйлесетінмін. Қыздармен арамыз алыстап барады. Мүмкін мен туралы бірдеңе естіген болар.