Ұры қыз - 9 бөлім
Қалың малдарын беріп, олар кете сала базарға барып керек жарақтың бәрін алдық. Қалың малдың жартысына киімдер алсақ, жартысына жасауымды алдық. Бай отбасына бара жатқанымда ата-анам дән риза болды. Ол кісілер түсінігі мол жандар сияқты. Барлық талаптарымызға көніп, айтқанымыздай жасап жатыр. Мүмкін жағдайымыздың жоқтығын көріп жандары ашыған болар. Ұялғанда шығар...18жасқа әлі толмадым. Ал мен тұрмысқа шыққалы жатырмын. Бұл дұрыс па, әлде бұрыс па, түсінбей тұрмын. Ертең ол үйге барып, мені жұмысқа салып, ақша бермей қойса қайтем деген сұрақтар миымнан кетпей қойды.
Келін болып түскен соң беташар жасалынып, бөлмемізді реттеп, киімдерімді жайғастырып, келіндік өмірге кірісіп кеттім. Үйдегі не затты көрсем де үйге апарғым келіп, көзіме жәутең-жәутең етіп көрініп тұр. Атам үндемей қалған жақсы кісі. Алайда енемнің мінезі бар сияқты.
Жә қойшы... Содан тойға көйлек іздеп қалаға шықтық. Әр көйлекті бір киіп, қаланы аралап біраз жүру үшін өтірік ұнатпағансып жүре бердім. Қателеспесем 9,10 салоннан әрқайсысынан 7,8 көйлек киіп көрген шығармын. Әйтеуір бір көйлекті таңдағаным да күйеуім қуанып кетті. Қымбат болса да көйлекті күйеуім сатып алып берді. Ең керемет макияж мен шаш үлгісі менде болды. 500 адам шақырылып, тойхана да үлкен, барлығы өте қымбат, нақтысын айтқанда тойымыз керемет өтті. Көре алмайтындар іштері күйіп өлген шығар.
Барлық салт дәстүр жасалынып, тойдың Құдайға шүкірін беріп, "уф" деп, үйдегілер мен енді әңгіме дүкен құра бастадық. Айтқанымдай ақ енем тым қатал екен. Үйде ақшаның бәрін сол ұстайды. Мағанда сол заңды түсіндіріп әлек болып жатыр. Ертең тусаңда балаңның ақшасын маған бересің, мен керегіңнің бәрін өзім әкеліп тұрамын дейді-мыс. Мен қатты ашуландым. Енеме бірден:"кешіріңіз, мен бұлай түрмеде тұрғандай боламын. Өз ақшам өзімде болады. Қашан сыртқа шыққым келсе, сол уақытта шығамын" дедім де тірлігімді жасап жүре бердім.Өзіме нендей дух жинап алғанымды білмеймін алайда енеме қатты ашуым келді. Одан кешке күйеуіме "шешең неге келе сала маған ондай әңгіме айтады?" деп шу шығардым. Ол болса "сабыр етші". деп, әлек болып жатыр. Күйеуім өте момын, ал мен оны көп пайдаландым. Алдымен қымбат телефон алдырттым.
Одан соң киімдер, косметика немесе басқа да болмайтын заттар.
Жалғасы бар..