22.03.2023
  438


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос перзентін мүгедек еткен отбасы - 1 бөлім

Алдымен лайк баса кетіңіз.
Балжан мен Серік қарапайым ауыл тұрғындары. Екеуінің де жоғарғы білімдері жоқ. Еш бір мекемеде жұмыс істемейді. Есігінің алдындағы шағын жерде егіншілік пен айналысып, соны мен күн көреді. Бір сауын сиыры бар. Ел қатары ет пен емес сол сиырдың айран сүті мен әйтеуір бір тамақ жасап, асқазандарын алдап күн кешіп келеді. Тұңғышы Ерқанаттың болғанына екеуі де қуанады. Әкесінің қамқоршысы, өзге балалар секілді ойын қуып, көше кезіп кетпейді. Күн мен жарыса оянып, бақшаға кіріп шөбін шауып, егіннің бәріне өзі қарайды. Кішкентайы Сабина аздап еркелеу. Әке- шешесіне өте көп талап қояды.
«Маған ананы алып бер, мынаны алып бер. Мұны жегім келмейді. Ананы жегім келеді» деген секілді өмірі ештеңеге көңілі толмайды. Анасын әбден мезі еткені еткен. Бар тірлікті Ерқанат істеп жүрген соң, үнемі ұлына көңіл бөліп, қызын бір шетке ысырып қоя береді.
Балжан негізінде ісі өнбейтін, мылжыңдау әйел. Тынбай еңбектеніп келе жатқандықтан ба, шаршау, қимыл қозғалысы баяу, асықпайтын жанның бірі. Өзгелер секілді егістікке кісі жалдап, ақысын төлеп жатқан жоқ. Бар түскен табыс өздерінде қалса да ақшаның берекесі жоқ. Келген табыстың қайда кетіп жатқанын есептейтін жанның өзі жоқ. Сараңдығыны соншама қызының ойнайтын бір ғана қуыршағы бар. Сабинаның бар жұбанышы, алданышы сол қуыршақ. Есік алдында таңнан қара кешке дейін жалғыз өзі сол қуыршағын ермек етеді. Мұңдасы, сырласы да сол қуыршақ. Ол қуыршақта жоқшылықты сезгендей, оңайлыққа бұзыла қоймайды. Бұл қуыршақтың Сабина үшін орны бөлек. Кейде ашуланып біреуге өкпелесе қуыршағын ұрсып лақтырып жібереді. Талай рет лақтырылса да байғұс қуыршақ бүлінген емес. Әдеттегідей ашуланып қуыршағын сыртқа лақтырып қарны ашып үйге кірді. Түскі астың уақыты асса да анасы әлі тамақ дайындай қоймапты. Тоңазытқышты ашып жүрек жалғар бірдеңе іздей бастады. Бір күн бұрынғы өзінің сүйіп жейтін асы мантыны көріп анасына жылытып беруді өтінді. Бұл тамақты олар тек мереке немесе туылған күндерде ғана жейтін. Бір күн бұрын Ерқанаттың туылған күні болып,соған пісірген болатын.

- Қызым ол тамақ ашып қалған жеуге болмайды. Бар тағы біраз ойнай тұр.
Жалғасы бар.





Пікір жазу