22.03.2023
  327


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос перзентін мүгедек еткен отбасы - 4 бөлім

Барса қызы есінен танып жатыр. Қайтадан жедел жәрдем шақырып, қызын да ауруханаға алып барды. Алла абырой берген де еш жеріне зақым келмеген. Бңрақта қатты шошынып қалғаны көрініп тұр. Әбден есеңгіреп қалған анасы құшағына қысып жылап жіберді.

Қызым саған не болды?
Неге жылап тұрсың?
Кешірші мені.
Кешіре аласың ба?
Неге бұлай істедің?
Ол тамаққа шиша қосып нең бар еді?
Олай істеуге не себеп болды?
Неге үндемейсің?

Қаншама сұрақ қойса да бірде бір жауап жоқ. Тек қана үнсіздік. Кіп кішкентай қыз көздерінен жасы тоқтар емес. Үнсіз ғана ішінен тынып жылап отыр.
Денсаулығында еш бір кінәрат болмаған соң үйлеріне оралды. Үйіне жеткен бойда есік алдында жыртылып жатқан жалғыз қуыршағын қолына алып жұлқылап одан әрі жыртып бұзып тастауға тырысты. Шамасы жетпеген соң аяғы мен езгілеп әбден тепкілей берді, тепкілей берді. Балжан мен Серік қыздарын әрең сабырға шақыпып, тыныштандырды.
Қызым ау ол қуыршақ саған не істеді?
Ол сенің сүйікті қуыршағың емес пе?
Оны неге соншама тепкіледің?
Оның жазығы не?
Тағы да сол үнсіздік. Үйдің ішін, ауладан бірдеңе іздеп Сабина ары бері жүгіріп жүр. Оның ағасын іздеп жүргенін Серік пен Балжан бірден түсіне қоймады.
- Қызым не іздеп жүрсің?
- Неге жүгіре бересің?
- Бірдеңе десеңші.
- Неге сөйлемейсің?
Тағы да сол күйі еш бір жауап жоқ. Шыдамы таусылған ата ана қыздарын құшақтап жүзіне тік қарап еді, оның еріндері қимылдаған мен еш бір дыбыс шықпай тұрғанын түсінді.
- Жо- жоқ. Бұлай болуы мүмкін емес. Менің қызыма ештеңе болған жоқ.
- Сен қатынға дауа жоқ. Қызды неге қамап кеттің? Ал не болды ал? Қорыққанынан мылқау болды да қалды. Осы ма еді қалағаның? Жалғасы бар





Пікір жазу