Қос перзентін мүгедек еткен отбасы - 5 бөлім
Ия, Сабина қатты қорыққаннан тілін жұтып қойды. Мылқау болып қалды. Ал Ерқанат болса мүгедектер арбасына байланып қалды. Отбасының шырқы бұзылды. Серік жалғыз өзі тыным таппай әйтеуір күн көріске жетерлік ақша тауып келеді. Қызының не үшін мұндай әрекетке барғанын түсінген ана жүрегі қос перзентіне қарап тілім тілім болып, сыздап ауырады. Өкінелі, күйінеді, бірақ өткенді кері қайтара алмайды.
Бұл жағдайға кім кінәлі?
Қызының көзінше, итке шиша сынықтарын нанға қосып беріп, итті азаптап өлтірген әкесі кінәлі ме?
Қызына көңіл бөлмеген, қуыршағын тігуге жарамай, ұл, қызын бөліп жарып, бар тәттіні ұлының ауызына тыққан анасы кінәлі ме?
Қуыршағын тістеп жыртқаны үшін, итке кек сақтап, оны өлтірмек болған кішкентай қыз кіеәлі ме?
Кейде қу тірліктің артынан қуып баланың қалауын орындамай, оларға уақыт таппай жататынымыз рас. Міне көрдіңіз бе? Кішкентай өтіріктің соңы қандай қайғыға дұшар етті?
Егер де анасы сол кезде қуыршағын тігіп, жөндеп берсе байғұс қыз итке өштесіп қалмас па еді? Әкесі қызының психологиясына әсер ететін мұндай көріністі қызының көзінше жасамаса қызда бұл әрекетке бармас па еді?
Сұрақ көп. Бірақ ол сұрақтың жауабын тапқан мен енді ештеңені өзгерту мүмкін емес екені айдан анық. Балаңызға бір сәт көңіл бөле жүріңіз. Ал сіздің ойыңызша #кімкінәлі?