20.03.2023
  607


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 1 бөлім

« Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді,
Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді,
Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді.» Бұрынғылардан қалған әр бір сөзде терең мағына бар екенінің тағы бір дәлелі осы әңгіме болса керекті. Әсем жолдасынан ерте айырылып екі қызын жалғыз өзі бағып-қақты. Сұм ажал Жандосты бұл өмірден ерте алып кетті. Әсеп ешкімге алақан жаймай, қатарынан кем қылмай бір емес бірнеше жерде жұмыс істеп жүріп қыздарының қалауының бәрін орындап, беттерінен қақпай өсірді. Қыздарының тәрбиесіне көп көңіл бөлетін. Соның нәтижесінде Сабина мен Айсара екеуі көрсе көз сүйсінер қыз болып бойжетті. Екі қызының да білімді болуына бар жағдай жасап жүрді. Аналарының арқасында екі қызда жоғарғы білім алып өз істерінің маманы атанды. Сабина балаларға тәлімгер болуды армандаса, Айсара адамдардың денсаулығы үшін күресуді жөн көрді. Екеуі де өз ортасына сыйлы, абыройлы болса да үнемі жүздерін мұң шалып жүретін. Екеуінің де ойында аналарының жалғыз қалуы. Міне сол үшін де тұрмыс құрудан бас тартып екеуі де жігіт атулыдан бойларын аулақ ұстап, үнемі үйлеріне қарай қашады да жүреді. Бойларын үрей билеп алған.
Әсем де әбден күйзеліп бітетін болды. Қыздарының жасы жиырма бестен асса да тұрмыс құрмай жүргеніне өзін кінәлі сезініп жанына маза берер емес. Екеуі де анасын уайымға салмау үшін үнемі әр басқан қадамын аналарына баяндап отырушы еді. Бұл жолы Сабина еш ескертусіз кешігіп жатар. Телефонына қоңырау соғып еді, телефоны өшірулі. Айсара әпкесінің таныстарының бәріне қоңырау соғып сұрастырды. Оның қайда кеткенін тірі жан білмейді. Мұндай жағдай өмірлерінде алғаш рет орын алып отырғандықтан екеуі де әбден сасқалақтап жүр. Түнгі сағат екіге жақындады. Бір кезде есік ашылып Сабина кіріп келді.
Сабинаны көрген Әсем мен сіңілісі Айсараның өңі қашып тұрған орындарынан тапжылмай қалды. Өз көздеріне өздері сене алар емес. Сабинаны мұндай күйде алғаш көруі.





Пікір жазу