20.03.2023
  402


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 4 бөлім

Айсара әпкесінің ризашылығын алған соң иығын ауыр жүк түскендей өзін жеңіл сезінді. Іштей бұл сүйінші хабарын сүйіктісіне жеткізгенше асығып тұрды. Әпкесі шығып кеткеннен дереу Әміреге қоңырау соқты. Қуанғаны соншама уақытқа қарамаған болатын. Сүйіктісінің беймезгіл қоңырауын көрген байғұс жігіттің зәресі қалмай дауысы дірілдеп әрең жауап берді.
- Жаным бәрі дұрыс па?
- Әміре сен неге шошып тұрсың?. Ойбу кешірші мені. Менің қуанғаным соншама сағатқа мән бермеген екенмін. Сенен сүйінші сұрауға асықтым.
- Әпкең тұрмысқа шығатын болды ма?
- Жоқ, Алла қаласа ол күнді де көрерміз.
- Ендеше не болды?
- Әпкем маған өз жолын берді. Саған тұрмысқа шығуыма рұқсат берді.
- Рас айтасың ба?
- Иә, жаным.
- Ендеше үйдегілерге әпкең мен анаңды таныстырайық.
- Солай жасайық.
Бұл түнде олардан бақытты адам болмаған шығар сірә. Болашаққа жоспар құрып тәтті арманның етегіне еріп ұйқыға кетті. Бар болғаны бірер сағат көз ілсе де, таңертең өмірге құштар болып бақыттан бал- бұл жайнап құлпырып ерекше құлшыныс пен жұмысына жиналған Айсараны көріп Сабинаның да көңілі көтеріліп қалды.
Әсем болашақ күйеу баласын көріп, оның отбасымен танысты. Құдағиы Қарлығаш өте өнегелі, парасатты, мейірімді жан екені көңілін көншітсе құдасы Мараттың өзімшілдігі көңілін құлазытты. Марат еліміздегі белгілі бір банктың ірі қаладағы кеңсесінің директоры. Дүние, мансап болған соң мүмкін солай болуы да керек шығар.
Әсем екі қызы мен тойдың дайындығына кірісіп кетті. Әкесінің орнын білдірмеу мақсатында ағайын туыстары еш аянбай қызмет етуде. Әсем де осы күнге дейін қайын жұртының еш бір той-жиынынан қалып қойған емес. Үнемі қолында барын алып жетіп баратын. Міне енлі соның қарымтасын туыстары қайтарып жатыр.
Ұзату күні белгіленіп қымбат ресторанды таңдап қойды.
Той күні жақындаған сайын Әсемнің көңіл күйі болмай жүр. Қыздарына көрсетпей кейде жылап алады. 





Пікір жазу