20.03.2023
  206


Автор: Әсерлі әңгімелер

Құданың қорлығы - 6 бөлім

Ай-күніне аман есен жетіп шекесі торсықтай ұлды дүниеге алып келді. Енесі үнемі немересі үшін барын салатын. Күндіз-түні жанынан шықпай келіні мен немересіне күтім жасап жүрді. Қарлығаш пен Айсара екеуі бір-біріне өте бауырмал болды. Әсем мейрамханада аспазшы болып жұмыс істейтін. Таңнан кешке тік жүретін болған соң соңғы кезде балтыры сыздап жүргенін жиі айтып жүр. Сабина қаншама рет үйде отыруын сұраса да жұмысынан бас тартпай қырсығып жүр. Айсараның ұлы енді ғана екі айлық болңанда Қарлығаш отырған жерінде қисайып ұйықтаған күйі қайта оянбады. Тосыннан келген ажал бұл отбасын әбден есенгіретіп тастады. Оның өлімі шешімі жоқ жұмбақ секілді. Дені сау адам бір-ақ сәтте еш жері ауырмай көз жұма салуы миға қонымсыз секілді. Бәрі де бір Аллаға аян. Жаназасына жиналған елдің есебі жоқ. Айсараның жаны күйзеліп жүрсе де, үйде өзінен басқа әйел адам болмаған соң әрі-бері шапқылауға мәжбүр.
Әсем бір-екі күн ғана жиен немересіне қарап одан соң жұмысына қайта шығып кетті. Айсараның үйіне келер қонақтардың аяғы азаяр емес. Ұлы шырылдап жылап анасына күні-түні маза бермейді. Таңнан кешке дейін көңіл айтып келген адамдарға шай үсынып шыр жүгіріп жүр. Әбден шаршап шалдықты. Күйеуінен рұқсат сұрап анасын көмекке шақырды.
- Анашым марқұм енемнің қырық күндік асы өткенге дейін біздің үйде тұра тұрсаңыз деп едім. Немереңізге қарамасаңыз болмайды.
- Қызым менің жұмысым бар ғой.
- Сол ақшаны мен-ақ сізге төлейін. Не азап сізге аяғыңыз ауырып әрең жүргенде? Келіңізші өтінем.

Әсем қызының даусынан әбден шаршағанын сезіп « жоқ» деуге дәті жетпеді. Өзімен-өзі емін еркін жүріп-тұратын адамға бөтен үйде қону біраз қиынға соғары анық. Амал нешік ана болған соң қызы үшін келісім берді.
 





Пікір жазу